АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жасөспірім теннисшілер 12 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында жақсы табыстарға қол жеткізді.
Германияның Карлсруэ қаласында бірінші санаттағы турнирде Полина Лазаренко жұптық сында чемпион атанды.
П.Лазаренко болгариялық Рая Петковамен бірге шешуші ойында камбэк жасап, германиялықтар Найле Буи – Дарья Строгалшиковадан басым түсті – 4:6, 7:6, 10:8.
Жекелей сында Полина финалда ғана корт иесі Лиузе Симоға есе жіберді – 3:6, 5:7.
Черногорияда екінші санаттағы осындай додада Ақзере Ерімбет пен Эмилия Старусева финалға дейін жетті. Титул үшін матчта қазақстандықтар ресейлік Полина Кашытсина – украиналық Софья Трибадан ұтылып қалды – 3:6, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакина мен Путинцеваның АҚШ-тағы Цинциннати турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.
Соня Жиенбаева Өскемендегі ITF турнирінің финалына дейін жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).