Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Асылжан Арыстанбекова өткен аптамен салыстырғанда, 88-ден 86-орынға көтерілді.
Сондай-ақ Айя Нұпбай - 150 ( 9), Полина Слепцова 226-сатыға ( 8) жайғасты.
Бозбалалар арасында Әмір Омарханов 100-орында тұр. Даниал Рахматуллаев (129, 5) пен Ерасыл Ерділдә (192, 2) көрсеткіштерін жақсарттты. Виталий Зацепин - 174, Ілияс Маратұлы - 272, Заңғар Нұрланұлы - 325, Дамир Жалғасбай 399-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Б.Жұқаев екінші айналымда әлемнің 112-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичке жол берді - 4:6, 7:6 (7:1), 0:6.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).