Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Азия чемпионатының финалдық кезеңіне шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Душанбе қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында 12U Team Competition-Supported by KTF турнирінің Орталық Азия аймағы бойынша іріктеу жарысы мәресіне жетті.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, командалық біріншілікте ел намысын мына спортшылар қорғады.
Ұлдар:
Темірлан Жантеміров,
Ярослав Бобров,
Лев Югай.
Капитаны Руслан Арепринцев.
Қыздар:
Айым Қанағатова,
Әдемі Әлсейпулова,
Медина Алагөзова.
Капитаны Зарина Жұмаджанова.
Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан құрамаларымен ойнап, барлық матчта жеңіске жетті.
Ұлдар да осы төрт елдің теннисшілерінен басым түсті.
Осылайша, қос құрама биыл күзде Шымкент қаласында өтетін командалық Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Хорватиядағы турнирдің ширек финалында ойнайтынын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).