АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жасөспірім теннисшілер ITF турнирлерінде сәтті өнер көрсетті. Айя Нұпбай жұптық сында ITF J200 Juniors Almaty жарысының чемпионы атанды.
Алматыда Айя ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда қазақстандық Полина Слепцова – америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ITF J60 Juniors додасы мәресіне жетті. Мұнда София Исакова жекелей сында отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды – 6:1.
Бір апта бұрын осы Шолпан-Атада София жекелей сында ITF J30 турнирінде үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Ұлыбританияда негізгі жарысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина Берлинде Нидерландтағы турнирдің чемпионымен кездесуі мүмкін.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).