АСТАНА. KAZINFORM – Перудің Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі жалғасуда. Қазақстандық Алина Чистякова жарыс қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енді, деп жазады Olympic.kz.
Спортшы жетісайыста бақ сынап, жалпы есебі 5161 ұпай жинады. Осылайша, жарысты тоғызыншы орынд аяқтады.
Ал бұл бәсекеде хорватиялық Яна Кощак жеңіске жетті. Оның еншісінде 5807 ұпай бар. Екінш орында швейцариялық Люсия Аклан (5755), үшінші орында чехиялық Адела Ткачова (5601) орналасқан.
Тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Конищева жарысты 12-орынмен аяқтады.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.