Құрлықтық додада ел намысын 5 спортшы қорғап жатыр.
Жарыстың бірінші күнгі нәтижесі:
Барнохон Сайфуллаева — 183 см
Лю Цзявень — 180 см
Елизавета Матвеева — 180 см
Чуй Ван Я — 180 см
Сондай-ақ дәл осы сында тағы отандасымыз Надежда Дубовицкая да өнер көрсетіп, тоғызыншы орыннан көрінді. Ал ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова 13-сатыға тұрақтады.
19 мамыр күні, бәсекенің соңғы күнінде Қазақстан атынан тағы екі спортшы финалда бақ сынайды. Олар, Мария Ефремова (үш қарғып секіруден), ал Полина Иванова сырықпен секіруден сынға түседі.
Жалпы Азия чемпионатына 19 елден 108 атлет қатысып жатыр.
Осыған дейін Қытайдағы Азия чемпионатында бес қазақстандық жеңіл атлет бақ сынайтынын жаздық.