Қазақстандық жеңіл атлет Олимпиаданы 17-орынмен аяқтады
ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей 10 шақырымға жүгіру финалында сынға түсіп, 17-орынға ие болды.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Ол аталған қашықтықты 31 минут 26.6 секундта жүгіріп өтті.
Айта кетейік, Дейзидің осы қашықтықтағы ең жақсы нәтижесі — 30:52.43 секунд.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Бұл сында 5 мың метрге жүгіруде топ чемпион Беатрис Чебет (Кения) тағы да алтыннан алқа тақты.
Ал күміс жүлдені Еуропа чемпионы Надя Баттоклетти (Италия) еншіледі.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Үздік үштікті Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Сифан Хассан (Нидерланд) түйіндеді.
Аталған жарысқа 25 атлет қатысты. Оның үшеуі мәреге жете алған жоқ.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін медальдан басты үміткерлердің бірі қазақтың «қара маржаны» атанып кеткен жеңіл атлет Нора Джеруто халықтың үмітін ақтай алмағанын жазған едік.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.