Қазақстандық жолшылар Дүниежүзілік жол қауымдастығының құрамына кірді

Фото: Фото: Көлік министрлігі

Қазақстандық жолшылар Дүниежүзілік жол қауымдастығының құрамына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

"Қазақстанда алғаш рет PIARC (ПИАРК) Дүниежүзілік жол қауымдастығының ұлттық комитеті құрылды. Құжатқа PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының президенті Назир Алли және PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының Қазақстандағы ұлттық комитетінің төрағасы Берік Камалиев қол қойды", - деп мәлімдеді компаниядан.

Айта кетейік, ПИАРК - халықаралық ұйым. Автомобиль жолдары мен жүк автомобильдері тасымалы саласында тәжірибе алмасуға арналған ең үлкен алаң ретінде қызмет етеді.

Қазіргі уақытта қауымдастықта 125 қатысушы ел бар.