Қазақстандық жүзгіштер әлем кубогының алғашқы күнінде ұлттық екі рекордты жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Егор Попов 100 метрді еркін стильде 47.74 секундта жүзіп өтіп, оныншы орын алды.

Софья Сподаренко 50 метрді баттерфляй әдісімен 26.27 секундта бағындырып, тоғызыншы орынға жайғасты. Айта кетейік, Софья іріктеу кезеңінде көрсеткен 25.97 секунд нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 26.50 секунд нәтижесін көрсетіп, сегізінші орынға ие болды. Одан бөлек отандасымыз ұлттық рекордты жаңартты.

Айбат сондай-ақ 200 метрге кешенді жүзу сайысында 1:57.91 уақыт көрсеткішін тіркеп, оныншы сатыға табан тіреді.

Еске салайық, мұның алдында Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі басталғанын хабарлаған едік.