Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су спорты түрлерінен сайысқа қатысқан екі спортшы Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метрге еркін әдіспен жүзуден жарысқа қатысты. Финал сатысында ол мәреге жетінші болып жетті. Көрсеткіші - 49.10 секунд.
Осылайша Қазақстан рекордын жаңартты.
Ал Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында бақ сынады. Финалда Аделаида мәреге бесінші (31.04) болып жүзіп жетті.
Ол да еліміздің рекордын жаңартуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, Диана Тасжанова 200 метрге баттерфляй әдісімен суға жүзуден финалдық сатысына жете алған жоқ.
Дүбірлі додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.