Қазақстандықтар 1 жылдан аса уақытта бәс тігу арқылы 4 трлн теңгесінен айырылған

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 700 мыңға жуық азамат букмекерлік кеңселер арқылы тұрақты түрде бәс тігеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі ведомствода өткен цифрлық жобалардың таныстырылымында хабарлады.

Ержан Біржановтың сөзінше, заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық аударымдар көлемі азайған. Соған қарамастан, саланың айналымы әлі де айтарлықтай жоғары болып отыр. 

– Кейінгі бір жылдан астам уақыт ішінде тігілген бәстің жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. Оның 1,2 трлн теңгесі ұтыс ретінде қайтарылған, яғни қайтарым деңгейі – 75 пайыз. Ал қалған 25 пайызы букмекерлік ұйымдардың үлесінде қалады. Қазіргі таңда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде бәс тігумен айналысады, - деді вице-министр.

Осы көрсеткіштерге сүйенсек, елдегі ересектердің 15-20 пайызы букмекерлік ойын ойнайды.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында 166 млн теңге қарызы бар 21 борышкер құмар ойынға ақша салған.