Ержан Біржановтың сөзінше, заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық аударымдар көлемі азайған. Соған қарамастан, саланың айналымы әлі де айтарлықтай жоғары болып отыр.
– Кейінгі бір жылдан астам уақыт ішінде тігілген бәстің жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. Оның 1,2 трлн теңгесі ұтыс ретінде қайтарылған, яғни қайтарым деңгейі – 75 пайыз. Ал қалған 25 пайызы букмекерлік ұйымдардың үлесінде қалады. Қазіргі таңда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде бәс тігумен айналысады, - деді вице-министр.
Осы көрсеткіштерге сүйенсек, елдегі ересектердің 15-20 пайызы букмекерлік ойын ойнайды.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында 166 млн теңге қарызы бар 21 борышкер құмар ойынға ақша салған.