12:05, 11 Желтоқсан 2023
Қазақстандықтар Apple акцияларын көп сатып алып жатыр
Биыл KASE қазақстандық қор биржасының индексі тарихи максимумға жетті. Қарашаның үшінші аптасында биржа индексі 1,20% өсті. Бұл – бірқатар компанияның акциялары қымбаттап, иелерінің пайдасын арттырды деген сөз. KASE Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген Kazinform aгенттігінің аналитикалық шолушысына берген сұхбатында биржа нарығының қазіргі жағдайы, Қазақстан қор биржасының жұмысы және қандай акцияларға сұраныс жоғары екенін айтып берді.