Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдені иеленді. Ал, Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күмісті қанағат тұтты. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы акробатикалық бағдарлама бойынша қола жүлдеге қол созды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық екі спортшы жүзуден 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болғанын жазған едік.