Қазақстандықтар ел ішінде жиі саяхаттай ма: жаңа статистика

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда ішкі туристер саны жеті жылда 3,37 млн адамға артты.

Коллаж: Kazinform / ЖИ

— 2019 жылы еліміздегі орналастыру орындарының қызметін 5,29 млн ішкі турист пайдаланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,66 млн адамға жетті. Осылайша, жеті жыл ішінде ел ішінде саяхаттайтын азаматтар саны 3,37 млн адамға артты, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында ішкі туристер санын 11 млн адамға жеткізу міндеті белгіленген. Осы мақсатта туристік саланы дамытудың жаңартылған тұжырымдамасы аясында алты бағыт бойынша 66 іс-шара қарастырылған. Негізгі басымдықтар — инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту, туристік өнімдерді дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру.

Қазақстанда ішкі туризмнің өсуіне не әсер етті? Бұл үрдіс қазақстандықтардың саяхаттау әдетінің өзгеруін көрсете ме, әлде шетелдік демалысқа балама іздеумен байланысты ма? Туризм нарығындағы өзгерістер мен жаңа бағыттар туралы Kazinform тілшісінің материалынан оқыңыз.