Қазақстандықтар ғылыми тағылымдамаға 13 қарашаға дейін өтініш бере алады

АСТАНА. KAZINFORM — «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін ұзартылды. Үміткерлер өтінішті eGov.kz арқылы онлайн немесе Астанадағы Халықаралық бағдарламалар орталығына барып тапсыра алады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәлім етті.

Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

— Құрметті үміткерлер! «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Құжаттарды екі тәсілмен тапсыруға болады:

• Онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы:
• Офлайн — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на жеке келу арқылы.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70., «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.

Бағдарламаға қатысу талаптары, қажетті құжаттар тізбесі және өзге де толық ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында қолжетімді.