Қосымшаға кірмек болған кезде экранда «Жүйелік қате. Пайдаланушы деректері табылмады. Кейінірек қайталап көріңіз» және «Кіру уақытша шектелді» деген хабарламалар шығады.
Halyk Bank өкілдері сервистердің жұмысында уақытша ақау барын растады.
— Қазіргі уақытта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты кейбір сервистердің жұмысында уақытша ақау болуы мүмкін. Жақын арада барлық қызмет қайта қолжетімді болады. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, — деп хабарлады банк.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың қаңтарында Halyk Super App қолданушылары да қосымшаның жұмысында ақау болғанын хабарлаған еді. Сол кезде банк уақытша шектеулер жүйеге түсетін жүктеменің артуына байланысты болуы мүмкін екенін түсіндірген.