2022 жылмен салыстырғанда келушілердің ең үлкен өсімі мына салаларда тіркелген:
- концерт — 23,3%
- киносеанс — 23,2%
- цирк — 11,9%
- театр — 10,2%
- хайуанаттар бағы — 3,9%.
Мәдениет ошақтарында өткен шараларға келсек, 2023 жылы концерт ұйымдары өткізген іс-шаралар саны — 8,8%, мұражайдағы экскурсия саны — 7,4% және театрлар өткізген іс-шаралар саны — 7,4%, демалыс және ойын-сауық саябақтары өткізген іс-шаралар саны — 5,1%, мәдени-демалыс ұйымдары өткізген іс-шаралар саны — 4,8% ұлғайған.
Мәдени-бұқаралық шаралар саны бойынша театрлар 16,5 мың, ойын-сауық және демалыс саябақтары 7,1 мың және концерт ұйымдары 6,4 мың шара өткізген.
Осылайша 2023 жылы мәдени-бұқаралық шаралар саны 2019 жылдан кейін алғаш рет пандемияға дейінгі деңгейге оралды.
Киноға барушылар саны республикалық маңызы бар қалаларда ең көп: Алматы — 7 111,6 мың, Астана — 4346,7 мың, Шымкент — 1721,4 мың.
Мұражайға барушылардың ең көбі — Түркістан облысы (1285,8 мың адам) мен Астана қаласында (890,4 мың адам).