БАҚ өкілдері тұрғындар ең көп жарақат алатын мейрамдардың алғашқы үштігін сұраған.
«Жарақат ең көп тіркелетін мейрамдардың көшін Жаңа жыл бастап тұр. Одан кейін 8 наурыз мерекесі. Үшінші орында Наурыз мерекесінің демалыс күндері мен мамыр айындағы мейрамдар тұр деуге болады. Біз әр мейрамның нақты статистикасын бере алмаймыз. Өйткені біз ондай статистика жүргізбейміз», — деді маман.
Сондай-ақ, ол елде ең көп жарақат тіркелетін мамандықтардың алғашқы бестігін атады.
«Біріншісі — құрылысшы мамандығы. Одан кейін жүргізушілер көп жарақат алады. Үшінші орында шахтерлер болса, төртінші орында полиция қызметкерлері жиі түседі. Бесінші — әртүрлі қара жұмыс істейтін азаматтар», — деді Арман Бәтпен.