Ресей аумағында барлығы бес сайлау учаскесі ашылған: Мәскеуде, сондай-ақ Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларындағы Қазақстанның Бас консулдықтары ғимараттарында.
Мәскеулік сайлау учаскесінде дауыс беру басталғаннан бері сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Азаматтар өздерінің дауыс беру құқықтарын жүзеге асыру үшін Қазақстан елшілігіне келіп жатыр.
Мәскеудегі сайлау учаскесінде дауыс бергендердің арасында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев та болды.
Байқаушылар сайлау учаскесіндегі сайлау процесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Азаматтарды хабардар ету, сайлаушылар тізімдерін жүргізу, ғимаратты дайындау және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын қолдау бойынша тиісті жұмыстар атап өтілді.
Осыған дейін шетелдік сарапшылар Құрылтай сайлауының маңызы туралы пікір білдірді.