Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбі күндеріне дөп түсті. Осыған байланысты демалыс күндері келесі аптаға ауыстырылады.
- бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 5 күн демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі);
- ал алты күндік жұмыс аптасында – 4 күн қатарынан демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).
Айта кетейік, Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді.
Ал мереке қарсаңында қосымша пойыздар қатынаса, әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайтыны хабарланды.