Қазақстан тұрғындары ресейлік «Союз-2.1а» зымыранын көрген болар. Ол 21 қараша күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран бортында «Прогресс МС-29» жүк кемесі бар. Бұл туралы Ресейдің «РИА Новости» ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-29» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылды. Ол кемені төмен жер орбитасына шығарды. Халықаралық ғарыш станциясына екі күнде жетеді, ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модуліне 23 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 17:36 қонады деп жоспарланған», — деп хабарлады РИА Новости агенттігі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеу ұрыс жағдайында орташа қашықтыққа бағытталатын баллистикалық зымыранды ұшыратыны туралы Пентагонға ескерткен.