Нәтижесінде біздің құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Нұртілек Қажығали 1000 метр қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, ерлер командасы эстафетада үздік нәтиже көрсетіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.
500 метр қашықтықта Валерий Клименко күміс медаль иеленіп, екінші нәтиже көрсетті.
Еске сала кетейік бұған дейін CISM әлем чемпионатында қазақстандық әскерилер 7 медаль жеңіп алғанын жазған едік.