«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Telegram мессенджерінде «Судың қара нарығына жол жоқ» чат-ботын іске қосты.
Бұл шара суару маусымында суды әділ бөлуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Қазсушар» РМК мен оның филиалдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзуды анықтап, алдын алуға бағытталған.
Айта кетелік Қазақстанда су үнемдеудің өзекті мәселелерін қалай шешуге болатыны туралы жазған едік.