Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтті

Фото: Кәмшат Әбдірайым

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтті.

Тарихи тұлғамен қоштасу рәсімі Алматыдағы Офицерлер үйінде ұйымдастырылды.

Фото: Kazinform
Фото: Кәмшат Әбдірайым

Ғимараттың кіреберісінде құрмет қарауылы сап түзеді. Талғат Мұсабаевты соңғы сапарға шығарып салуға оның туған-туыстары, жақындары, достары, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері келді. Қатысушылар қатарында ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов те бар.

Фото: Кәмшат Әбдірайым

Аңызға айналған ғарышкермен қоштасу рәсімінен кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы алаңда жаназа оқылады.

Фото: Kazinform

Еске салайық, 3 тамыз күні 75 жасында ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев өмірден өтті.

Фото: Кәмшат Әбдірайым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отандық ғылым, техника және мемлекеттік басқару саласындағы зор үлесін атап өтті.