Қазақстандықтар жаңа жылда қай күндері демалады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтар келер жылы қаңтар айында жаңа жыл мерекесіне орай ұзақ демалысқа шығады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;

1-2 қаңтар – Жаңа жылдық демалыстар;

3-4 қаңтар – демалыс күндері;

5-6 қаңтар – жұмыс күндері;

7-қаңтар – Рождество мерекесіне орай демалыс.

Бұл санаттағы қызметкерлер жалпы 12 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;

1-2 қаңтар – Жаңа жылдық демалыстар;

3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;

4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;

5-6 қаңтар – жұмыс күндері;

7 қаңтар – Рождество мерекесі.

Алты күндік режимдегілер үшін жалпы 7 күн демалыс қарастырылған.

Сонымен қатар мектеп оқушыларының қысқы каникулы 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар жыл соңында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесінде де демалады.

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы өзгере ме? Осы жайлы Kazinform агенттігінің материалынан оқи аласыз.