— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялады.