Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаровтың айтуынша, жалпы несиелердің 90 пайыздан астамы кепілсіз тұтынушылық, ипотека және автонесиеге тиесілі.
Кепілсіз тұтынушылық несие: Қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9 пайыз).
Ипотекалық несие: Бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн теңге болды.
Келісімшарттар саны: 9,9 пайызға артып, 627,6 мыңға жетті.
– Қарыз алушылар саны 10,3%-ға өсіп, 600 мың адамға жетті. Жыл басындағы орташа қалған қарыз 10,6 млн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артық,– деді Руслан Омаров.
Осыған дейін елде автонесие көлемі рекордтық деңгейге жеткені туралы жазған болатынбыз.