Қазақстандықтардың БЖЗҚ-да қанша зейнетақы активі бар
14:55, 29 Қараша 2023
1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 209,78 млрд теңгені құрады. Кazinform бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл ретте ҚР Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 17 196,49 млрд теңгені құрайды. ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жыл басынан бергі инвестициялық табысы – 1 257,56 млрд теңге», - делінген БЖЗҚ мәліметінде.
1 қарашадағы жағдай бойынша сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерінің суммасы 13,29 млрд теңге құрайды. Инвестициялық портфельді басқарушылар:
- «Jusan Invest» АҚ - 4,7 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы – 377,28 млн теңге.
- «Halyk Global Markets» АҚ - 2,79 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы – 363,23 млн теңге.
- «BCC Invest» АҚ - 2,13 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы – 158,51 млн теңге.
- «Сентрас Секьюритиз» АҚ - 936,92 млн теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы –77,94 млн теңге.
- «Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ - 2,73 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы – 70,66 млн теңге.