Оның сөзінше, аталған жоспарда халықтың қарыз жүктемесін төмендету және қаржылық белсенділігін арттыру қарастырылған.
– Бірінші кредиттік бюро талдау орталығының деректеріне жүгінсек, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, бюроға ақпарат беретін барлық ұйымға халықтың қарызы – 27,5 триллион теңге. Бұл сомаға жеке кәсіпкерлердің несиелері және есептен шығарылған берешек кірмейді. Ал ең соңғы төлем үшін аударылған сыйақы есепке алынды, – деді вице-министр.
Оның айтуынша, жалпы 8,95 миллион борышкердің 39,4 миллион несиесі бар. Сонда орта есеппен әр адамға 4,4 несиеден келеді.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде несие бергенде, қарыз жүктемесін есептеу ережесі өзгеретінін жазғанбыз.