Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы артты

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстандағы халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бұл көрсеткіш 2024 жылғы 75,44 жаспен салыстырғанда өсім байқалды.

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдыққа қарағанда жоғары — тиісінше 76,63 және 74,81 жас.

Ал гендерлік бөліністе әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 79,8 жас, ал ерлерде 72,19 жас болды. 2024 жыл бұл көрсеткіш тиісінше 79,42 мен 71,33 жасқа жуықтаған.

Өңірлер бойынша ең ұзақ өмір сүру көрсеткіші Алматы қаласында — 78,83 жас, Астана қаласында — 78,78 жас, ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында — 73,56 жас.

Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы — әр жастағы өлім-жітім деңгейі өзгермеген жағдайда, адамның орташа өмір сүретін жылдар саны ретінде есептеледі.

Бұған дейін Түркияда әйелдер ерлерден 5 жылға ұзағырақ өмір сүретінін жазған едік.