Ведомствоның мәліметінше, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 31,9 жастан 32,3 жасқа дейін өскен.
Гендерлік бөліністе ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.
Өңірлер бөлінісінде ең жас тұрғындар Түркістан облысында – орташа жас 27,7 жыл. Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы – 27,8 жас.
Ал ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 39,2 жас. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 38,9 жас, Қостанай облысында – 38 жас.
Статистикалық деректерге сәйкес, қала тұрғындарының орташа жасы – 32,7 жас, ауыл тұрғындарында – 31,7 жас.
Айта кетейік, Қазақстанда ел халқының денсаулық жағдайы туралы статистикалық жинақ жарық көреді.