Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Республиканың көптеген облыстарында демалыс күндері жаңбыр жауып, солтүстік өңірлерде ылғалды қар, кей жерлерде найзағай түсіп, жылдамдығы 15-25 м/с жел тұруы ықтимал.
Синоптиктердің дерегі бойынша, мұндай ауа райы Қара теңізден республиканың аумағына бірінен кейін бірі келетін циклонға байланысты болып отыр. Сондықтан, ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан, бұрынғыша жоғары болып қалады.
Астанада 21 сәуір күні күн жартылай бұлтты, күндіз жауын-шашын болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетеді. Түнде температура 8 10°С, күндіз 20 22°С.
22 сәуір күні күн жартылай бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа қарай ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с-ті құрайды. Түнде температура 6 8°С, күндіз 13 15°С жылы болады.
23 сәуір күні күн жартылай бұлтты, күндіз жаңбыр түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 18 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы 3 5°С, күндіз 16 18°С жылы болады деп күтілуде.