«Бұл - газбен жабдықтаудың экономикалық негізделген стратегиялық бағытын айқындайтын бағдарламалық құжат. Сызба Қазақстан Республикасы аймақтарын ұйымдастырудың бас сызбасымен байланыстырыла отырып әзірленді және оның құрамдас бөлігі саналады», - деді Ұ.Қарабалин.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің 16 өңірінің 10-ы газдандырылған. Оның ішінде республиканың барлық батыс және оңтүстік облыстары мен Алматы қаласы бар.
«Газдандыру деңгейі Алматы облысында 19 пайыздан Маңғыстау облысында 99 пайызға дейін ауытқып тұр», - деді бірінші вице-министрі.