***
«Кеше түс әлетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XXII Қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Сочи қаласына ұшып келді. Мемлекет басшысы Адлердегі халықаралық әуежайға табан тіреген бойда бірден Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитеттің қонақ қабылдау үйіне бағыт түзеді. Мұнда Елбасы өзін күтіп тұрған олимпиялық құрама команда мүшелерімен кездесті», - деп жазады « Егемен Қазақстан » газеті сенбілік санындағы « Спорт - біріктіруші күш » деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, кездесу барысында Нұрсұл¬тан Назарбаев Сочидегі Олим¬пиаданың бұған дейінгі бар¬лық Ойындарға қарағанда, рес¬публикамызға географиялық жағынан ең жақын тұрғанын атап көрсетті. Өзінің олимпиялық құрама мүшелеріне арнаған сө¬зінде Президент спорттың біріктіруші күш екеніне тоқталды. «Сіздердің әрқайсылары¬ңыз¬дың олимпиада лицензия¬сын жеңіп алуларыңыздың өзі¬ - спорттық жол¬дағы үл¬кен жетістік. Біз Лондон Олим¬пиа¬дасынан кейін спорттық же¬тіс¬тік¬теріміздің деңгейін жоғары көтерген едік, мен енді сіздерге де сондай жаңа жеңістер ті¬леймін. Бүгінде мемлекетіміз сіздердің халықаралық аренада зор жетістіктерге жетулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отыр. Менің тапсырмам бойынша қажетті барлық қаражат бөлініп, спорт ғимараттары салынып жатыр, сіздерді ең үздік отандық және шетелдік жаттықтырушылар жаттықтырады. Өз басым сіздерге әрдайым қолдау көрсетемін және барша жетістіктеріңізді ұдайы қадағалап отырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Жұмыссыздық проблемасы қазіргі күні, әсіресе, Еуропалық одақ елдерін жан алқымынан алып тұрғаны белгілі. Өткен жылдың желтоқсан айындағы деректер бойынша еуроаймақтың 17 еліндегі жұмыссыздық деңгейі 12 пайызды құраған. Соңғы айлардан бері еуроаймақ елдерінде дағдарыстың қалың бұлты біршама кейін серпіліп, күн көзі сәл де болса ашыл¬ғандай көрініс беріп еді. Бірақ соған қарамас¬тан экономикадағы белсенділіктің артуы жұмыссыздық проблемасын кері ығыс¬тырып әкете алмағандығы сезіледі. Өйткені, 12 пайыздық жұмыссыздық көрсеткіші оның ең асқынған рекордтық кезеңі өткен жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен бар болғаны 0,1 пайыз ғана төмендеген. Міне, кәрі құрлықтағы осы проблема арқау болған мақала « Егемен Қазақстан » газетінде « Жаһанды жайлаған жұмыссыздық » деген тақырыппен берілген. Басылымның жазуынша, бұл проблема Еуроодақтың барлық елдерінде бірдей асқынып отырған жоқ. Австрия, Германия, Люксембургте жағдай біршама тәуір. Мәселен, Еуропалық одақтың Статистикалық басқармасының келтірген деректері бойынша жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың желтоқсан айында Австрияда 4,9 пайызды, Германияда 5,1 пайызды, Люксембургте 6,2 пайызды құраған. Міне, жекелеген елдердің осындай жетістіктері нәтижесінде өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша еуроаймақтағы жұмыссыздық деңгейі оның алдындағы аймен салыстырғанда 129 мың адамға, ал Еуропалық одақ бойынша 162 мың адамға азая түскен. «Бірақ соған қарамастан еуроаймақтың жекелеген елдерінің жағдайы бұрынғы¬сынша ауыр қалпында қалып отыр. Мәсе¬лен, Испания экономикасындағы белсенділіктің артуына байланысты осы елдегі еңбек рыногындағы жағдай біршама жақсарды деп есептелгеніне қарамастан мұндағы жұмыссыздық деңгейі 25,8 пайыз¬ды құраған. Ал Грекияда өткен жылдың қазан айындағы жұмыссыздық деңгейі 27,8 пайызға жетті», - деп жазады мақала авторы.
***
« Айқын » газетінің жазуынша, дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар екі бөлек кетсе де, бала тәрбиесі мен оны бағып-қағу ортақ болып қалады. Өкінішке қарай, бұл жауапкершілікті ортақ мүдде деп түсінетін азаматтардың қатары аз. Енді Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, бала алдындағы берешегі мол әкелер 3 пен 7 жыл аралығында бас бос¬тан¬дығынан айырылуы бек мүмкін. Бұл заңда алименттік қарызы жылдар бойы жиналып, 1 мың айлық есептік көр¬сет¬кіштен асып кеткен әкелерді 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бүгінде 1 мың АЕК - 1 852 000 теңгеге тең. Бұдан бө¬лек, алимент төлеу туралы сот шешімін 6 ай бойы орындамағандар бұрынғыдай айыппұл төлеп құтыла алмайды. Яғни алимент төлеуге сот шешімі шығып, оны орындамау қылмыс түріне теңесіп отыр. «қазір Әділет министрлігі сот акті¬лерін орындау комитеті төрағасының орын¬басары Саида Сағдаттың айтуынша, жұмыссыз борышкерден өндірілетін алимент көлемі республика бойынша орташа айлық жалақы көлеміне сүйене отырып есептелінеді. Яғни орташа жалақы 108 мың теңге десек, бір балаға 27 мың, екі балаға 36 мың, ал үш баласы барларға 54 320 теңге көлемінде алимент төлеуі мүмкін», - деп жазады басылым. Мақала «Алимент төлемейтін алаяқ әке қатаң жазаға тартқаннан хал түзеле ме?» деген тақырыппен берілген.
«Қазақстанды «Қазақ елі» деп атайтын уақыт жетті ме?». Дәл осы сауалды « Айқын » газеті елімізге есімі танымал бірқатар азаматқа қойған. Мәселен, осы сауалға жауап берген жазушы Смағұл Елубаев: «Менің ше, «Қазақия» деп атасақ жөн болар еді. Немесе Қазақ республикасы деп, бірақ жақшаның ішінде Қазақия деп жазылса жөн болар еді. Мәселен Ресей дейміз. Шындығында ол- Ресей Федеративтік республикасы ғой. Әлем қысқаша Ресей деп таниды. Сол секілді «Қазақ елі» деп атау шетелдіктерге қиындау тиюі мүмкін. Қазақия десе қысқа және түсінікті», - дейді. Ал Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова да бұл бастаманы қолдайтындығын білдіреді. «Иә, солай деп айтатын уақыт пісіп жетілді. «Мәңгілік елге» айналсақ, болашағымызды ойласақ, осылай деу керек. Бұл ешкімге бөгет болмақ емес. Меніңше, бұл бастаманы бүкіл ел бір ауыздан қолдайтынын білемін», - деді ол.