Қазақстанды Өзбекстанмен жалғайтын жаңа автожол ашылды

Фото: None
БЕЙНЕУ. ҚазАқпарат – Бүгін Бейнеу ауданының Тәжен ауылында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» бағытындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминжәне Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты.

Бұл автожол «Ташкент-Самарқанд-Нүкіс-Бейнеу-Атырау-Астрахань»халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Жаңа жолмен қазақстандықтар Өзбекстан арқылыөзге елдерге шыға алатын болады. ОрталықАзия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдері мен Еуропабағыты бойынша транзиттік автомобиль ағыны қалыптасады.

Жолдың жалпы ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Құрылысжұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Нысанға барлығы 381 адам, 155 бірліктехника жұмылдырылған.

«Мемлекетаралықмаңызы бар осынау елеулі жоба Қазақстан және Өзбекстанелдерінің экономикалық дамуына үлкен серпіліс беріп, екіжақты ынтымақтастықтыңартуына септігін тигізетін болады»,-деді Асқар Мамин ашылу салтанатында.

Соңғы жаңалықтар