Қордай шекара жасағының «Қарасу авто» өткізу бекетінің жасағы Қазақстанның 20 жастағы азаматын ұстады. Ол 1,2 тонна үйректің төс етін тиісті құжатсыз шекарадан өткізбек болған.
Ұсталған адам Қырғызстаннан Қазақстанға «Фольксваген Транспортер» көлігімен келе жатқан. Жүк көлікті тінту кезінде табылды.
Ұстау фактісі бойынша ветеринарлық қызметтің мамандары хабардар етілді.