АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 10 спортшы жүлдеге қол жеткізіп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіледі.
Ерлер арасында Серік Абзал (67 келі), Ерхат Бекзат (92 келі) және Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары), әйелдерде Әнел Сақыш (54 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Дана Дидай (75 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) алғашқы жекпе-жегін жартылай финалда бастайды.
Олар қарсыластарына есе жіберген жағдайдың өзінде кем дегенде қола жүлдеге қол созады.
Еске салсақ, бұдан бұрын құрлықтық додада қазақстандық қыздардың қарсыластары анықталды.
Азия чемпионаты 27 қаңтарға дейін созылады.
Ашық көздерден алынған фото
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.