Өткізілген рейдтердің барысында балалары әлеуметтік қауіпті жағдайда болып, өкілетті органдардың тиісті жұмысымен қамтылмаған 100-ден астам нашар тұратын отбасы анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Балаларға қажетті көмек көрсетілді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан ауданындағы Қаратау ауданының прокуратурасы туыстарының қолында болған қыз баланы анықтады. Әңгімелесу барысында ол өгей әкесінің өзіне қатыгездікпен қарауы себебімен үйіне оралуға қорқатынын айтты. Қазіргі кезде бала Кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімдеу орталығына орналастырылды, оның өгей әкесіне қатысты іс сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сот алдындағы тергеуді өткізу үшін ішкі істер органдарына жіберілді.
Рейд барысында Алматы қаласындағы Алатау аудандық прокуратурасының ұтқыр тобы мектепке ауыр материалдық жағдайына байланысты бармай жүрген кәмелеттік жасқа жетпеген екі баланы (2008, 2009 жылғы) анықтады.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы балаларды Алматы қаласының №151 жалпы білім беретін мектебіне орналастыру бойынша шаралар қабылдады.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.