Астана, Алматы қалаларында, Гвардейск әскери қалашығында, сондай-ақ Сарыөзек, Б. Момышұлы, Отар және Арнасай ауылдарында жаңа тұрғын үйлер тұрғызылуда. Атап айтсақ, 1000 тұрғын үйдің жалпы аумағы 70 459, 7 шаршы метрді құрайды. Биылғы жылы барлығы 92 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй алаңын тұрғызу, жөндеу және тапсыру жоспарланып отыр. Оның аясында Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында,сондай-ақ Гвардейск, Сарыөзек, Б.Момышұлы, Отар, Арнасай және Ақмол ауылдарындағы 1 320 әскери қызметші қызмет өтеп жүрген орындарында сапалы жай-күймен қамтамасыз етіледі.