Әлем чемпионатында 65 мемлекеттен келген 1500 спортшы бақ сынаған. 15 жастағы Біржан Қабидолла 42 келі салмақта сынға түсті.
«Біржан Қабидолла алғашқы кездесулерінде Италия және Румыния елінің спортшыларынан басым түсті. Ал финалда Германия елінің спортшысын жеңді. Біржан өткен жылы осы неміс спортшымен кездесуінде ақтық сында есе жіберіп «күміс» алса, биыл дайындықты шыңдап алтыннан алқа тақты», дейді бапкері Азамат Абаев.
Чемпионатқа Маңғыстаудан 10 спортшы барған.
29 қазан күні басталған жарыс 8 қарашаға дейін жалғасады.