Қазақстандық 2,5 тоннаға жуық контрабандалық шұжықтарды Қырғызстаннан алып өтпекші болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ірі шұжық тағамдарын Қазақстан-Қырғызстан шекарасы арқылы алып өтпекші болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қордай авто» өткізу бекетінің жасағы Қырғызстаннан «Мерседес Даймлер» автомобилімен келе жатқан 54 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Көлікті тексеру барысында сәйкес құжаттары жоқ жүк - салмағы 2,5 тонна болатын шұжық тағамдары табылған.

Қордай аудандық прокуратура өкілдеріне ақпарат берілді.