Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2013-2014 жылдары аралығында Қытай Халық Республикасынан қазақстандық 2 компанияға тауарлар жеткізілген. Талдау және тексеру жүргізу кезінде, компанияның мемлекеттік бюджетке, Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне тауарларға кедендік тазарту кезінде тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей шығару салдарынан пайда болған берешегінің бар екені анықталды.
«Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жалпы сомасы 701 млн. теңгені құрады. Тексеру нәтижесінде ішінара мемлекеттік бюджетке 159 млн. теңге өтелді. Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы осы факті бойынша, ҚР ҚК 214-бабының 1-тармағы (Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) бойынша екі қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, тауарларды кедендік тазартудың белгіленген ережелерін бұзуға жол берген кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 307-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық істерді Алматы облыстық қаржы полициясы органдарымен бірлесе тергеу амалдарын жүргізу жоспарлануда.