НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық үш спортшы жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Абылай Әуелханов, Гүлнұр Ыбырай және Сайрамкез Ақмолда жүлдеге ілікті.
А.Әуелханов 55 кг салмақта қоссайыс қорытындысында 227 кг (97 130) көтеріп, жасөспірімдер арасында екінші, юниорлардан үшінші орынға ие болды.
Г.Ыбырай 64 кг салмақта 198 кг (88 110) нәтижемен қыздар арасында жеңімпаз атанып, юниорлардан екінші орынға көтерілді.
С.Ақмолда 61 кг салмақта 267 келіні (117 150) бағындырып, юниорлардан үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 20 ақпанға дейін созылатын чемпионатқа Қазақстаннан 10 атлет қатысуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).