Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 18-ші орында қалды. Айдос Ербосынұлы бір орын көтеріліп, 32-орынға жайғасты.
Орта салмақтағы Геннадий Головкин бірінші позициясын сақтап қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 26-шы орыннан 24-ке көтерілді. Жәнібек Әлімханұлы 29-орыннан 26-орынға жоғарылады.
Бірінші орта дивизион өкілі Садриддин Ахмедов бұрынғыша 31-орында қалып отыр.
Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев бұрын 18-орында болса, қазір 21-орында.