АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның Суботица қаласында өткен «Алтын қолғап» халықаралық турнирінде Қазақстан жастар құрамасының боксшылары 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жастар арасындағы халықаралық турнирге Қазақстан боксшыларын қоса алғанда әлемнің 23 мемлекетінің спортшылары бақ сынаған. Жарыс 10 салмақ дәрежесінде өтті.
Қазақстандық балғын былғары қолғап шеберлері он салмақтың бесеуінде топ жарып, «Алтын қолғап» турнирінің чемпионы атанды. Олар - Талғат Сырымбетов (52 келі), Арнұр Ахметжанов (91 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүзал Садықова (81 келі), Дина Исламбекова ( 81 келі). Ал Азат Асанов (69 келі) күміс жүлдені қанжығасына байласа, Еркежан Дәулетжанқызы қола жүлдегер атанды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.