НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, ел құрамасынан финалға Серік Теміржанов (57 келі), Сұлтан Мусинов (63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Айбек Оралбай (91 келі) шықты.
Олардың 9 сәуірде өтетін финалдағы қарсыластары мыналар:
57 келі. Серік Теміржанов пен Ян Кларк Баутиста (Филиппин)
63 келі. Сұлтан Мусинов пен Сомчай Вонгсуван (Таиланд)
69 келі. Асланбек Шымбергенов пен Бунджонг Синсири (Таиланд)
81 келі. Нұрбек Оралбай мен Ашиш Кумар (Үндістан)
91 келі. Айбек Оралбай мен Джаккапонг Йомхот (Таиланд).
Еске сала кетейік, олардан басқа аталған турнирде 52 келіде Аятулла Тәкіжанов, Сәкен Бибосынов, 63 келіде Санатәли Төлтаев, 75 келіде Тимур Нұрсейітов, 91 келіде Сағындык Тоғамбай жарыстың түрлі сатысында жарыс жолынан шығып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.