Жаңартылған рейтингке 5 қазақстандық боксшы кірді.
Супер орта салмақта WBO Global титулының иегері Айдос Ербосынұлы екі сатыға жоғарылап, төртінші орыннан көрінді.
Осы салмақта өнер көрсететін тағы бір отандасымыз Әли Ахметов 15-орынға жайғасты.
Орта салмақта WBO Global титулының иегері Жәнібек Әлімханұлы (3 орын) және WBO International титуылының иегері Қанат Ислам (4 орын) рейтингтегі орынын сақтап қалды.
Бірінші орта салмақта WBO Asia-Pacific Youth титулының иегері Нұрбол Сұлтанбай 16-орыннан көрінді.