Халықаралық рейтинг Тунисте өткен Гран-приден кейін жаңартылған. Жаңа рейтинг бойынша қазақстандық 5 дзюдошы үздік ондыққа енді.
Жаңартылған рейтингті назарларыңызға ұсынамыз (ТОП-30):
Ерлер:
60 кг
Ғұсман Қырғызбаев - 8 (2758)
Елдос Сметов - 26 (1116)
66 кг
Елдос Жұмақанов - 8 (2632)
73 кг
Жансай Смағұлов - 10 (2532)
90 кг
Ислам Бозбаев- 10 (2824)
-100 кг
Максим Раков - 22 (1444)
Әйелдер:
48 кг
Галбадрах Отгонцэцэг - 3 (4888)
57 кг
Севара Нышанбаева - 16 (1738)
63 кг
Мариан Урдабаева - 22 (1479)
-78 кг
Албина Амангелдиева -19 (1435)
78 кг
Гүлжан Исанова - 21 (1486)
Естеріңізге сала кетейік, Тунис турнирі Қазақстан үшін аса табысты болды. Қазақстандықтар екі алтын, үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте үздік атанды.