Жарысты халықаралық би қауымдастығы (Multi (International) Dancing Association) ұйымдастырды, оған 10 елден 250-ден астам биші қатысты.
Небәрі 9 жастағы Әмір Қабазиева латынамерикалық биден (жеке және жұп) бірінші орын алды, сондай-ақ «Чемпионаттың үздік шетелдік қатысушысы» аталымына лайық деп табылды.
Бейжіңде ол бір жарым жылдан бер бал билері үйірмесіне барады. Ал бұған дейін Қазақстанда Алма Сағадиеваның жетекшілігімен «Көбелек» ансамлінде шығыс және әлем халықтары билерімен шұғылданған болатын.